Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы оқу-жаттығу жиындарын бастады.

8 маусым күні басталған оқу-жаттығу жиыны 20 маусымға дейін жалғасады. Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" спорт базасында дайындықтарын шыңдап жатыр.

Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 17 спортшы қатысады.

Айта кетерлігі, оқу-жаттығу жиынында спортшыларды ұлттық құраманың дәрігері жіті бақылап, барлық санитарлық талапты қатаң сақтайды.