Халықаралық федерация президенті (IJF) Мариус Визер ұлттық федерацияларға Covid-19 індетіне байланысты дзюдодан тоқтатылған әлемдік додаларды қайта бастау туралы ресми хат жолдады.

IJF президенті Мариус Визер атқарушы комитетпен бүкіләлемдік дзюдо турнирлерін жаңарту туралы талқылау басталғанын айтты.

«IJF ұйымдастыру комитеттерімен бүкіләлемдік дзюдо турнирлерінің қайта жалғастыруға қатысты жоспарды талқылап жатыр. Осыған дейін тоқтатылған World Judo Tour кезеңдерін мүмкіндігінше географиялық жағынан қауіпсіз, Олимпиада ойындарына қатысатын барлық спортшыларға қол жетімді, әділ ұйымдастырылады деп күтілуде.

Covid-19 індетіне қатысты жағдайды ескермегенде, IJF қазіргі жоспар бойынша World Judo Tour жарыстарын қыркүйек айында бастауды көздейді. Оған дейін жағдай реттеліп, қалыпты режимге көшеміз деп сенеміз», - делінген ресми хатта.