ESL One Cologne 2020 турнирі офлайн режимде өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы HLTV.org порталы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Қауесеттерге сәйкес, ESL One Cologne 2020 турнирі 21 тамыздан 30 тамызға дейін жалғасады.

ESL - коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен электронды спорттық чемпионаттарды ұйымдастырушылардың бірі. Ақпан айында олар IEM Katowice плей-офф ойынын көрерменсіз ойнауға мәжбүр болды.