Португалиялық A Bola басылымының мәліметінше, Formula 1 Португалияда екі кезең өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстар ең жоғары FIA санатына ие «Алгарве» трассасында өткізілуі керек.

27 қыркүйек алғашқы жарыс болады. 4 қазанға екіншісі жоспарланған. Кезеңдер «Португалияның Гран-приі» және «Алгарвенің Гран-приі» деп аталады.

Ескере кететін жайт, бұл жоспар әлі ресми растала қойған жоқ.

Соңғы рет Formula 1 кезеңдері 1996 жылы Португалияның Эшторилінде өтті.