Англияда жанкүйерлерге COVID-19 коронавирус ауруы пандемиясы жағдайында стадиондарға кіруі үшін ерекше әдіс ойластырылып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Карантинге байланысты барлық матчтар, соның ішінде Премьер-лига ойындары көрерменсіз өтеді. Бірақ ағылшын футбол билігі арнайы зарарсыздандыру туннельдерін қолдану мүмкіндігі туралы ойланып жатқанға ұқсайды.

Туннельдердің арқасында футбол жанкүйерлері матчтардың алдында дезинфекциядан жылдам өте алады. Осыған ұқсас құрылғылар кейбір кәсіпорындарда қазірдің өзінде қолданылады.

Англия Премьер-лигасының матчтары сәрсенбі, 17 маусымда жалғасады.

24hrs Report News@24hrsReport