«Миланның» бұрынғы шабуылшысы Филиппо Индзаги Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің жетістіктеріне деген көзқарасы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Роналдудың ойынын әрдайым мысал келтіріп отырамын, өйткені мен оның жаттығуда қалай жұмыс істейтінін білемін. Дей тұрғанмен менің оған және Мессиге қарап ашуланатын кездерім болады. Солардың кесірінен Рауль екеуміз еуролигаларда мергендік көп таныта алмадық», - дейді Индзаги Football Italia басылымына берген сұхбатында.

Роналду Еуропа кубогының 177 матчында 131 гол соққан. Месси 145 ойын өткізіп, 117 гол соқты.

Инзагидің өзі 115 матчта 70 рет гол соқты.