Франциялық RMC басылымы Чемпиондар лигасының қашан басталып, қашан аяқталатынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған ақпаратқа сенсек, Чемпиондар лигасы 3 тамызда басталып, 23 тамызда аяқталады.

Атап айтқанда, 3-10 тамыз аралығында 1/8 финалдың қалған матчтары өтеді. Ал 1/4 финал 12 тамызда басталады. Осы кезеңнен бастап жеңімпаз бұрынғыдай қос матчта емес, тек бір кездесуде анықталады.

Жартылай финалдық кездесулер 15, 16 тамыз күндері, ақтық сын 23 тамызда өтеді. Финалдық матч Орталық Еуропа уақытымен 21:00-де басталады.

Чемпиондар лигасының қалған бөлігін қабылдауға Португалия астанасы Лиссабон басты үміткер. Сонымен қатар Германияның Франкфурт қаласы да осы міндетті арқалауға дайын.

Айта кетейік, Еуропадағы 5 ірі чемпионаттың ішінде Франция біріншілігі ғана мерзімінен бұрын аяқталды. Германия чемпионаты жалғасып жатыр. Ал Испания, Англия, Италия лигалары жақын арада басталады.

2020 жылы кімдер еркін агент атанады

Бес елдің чемпионатында топ жарған бапкер кім

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат

Футбол тарихындағы 100 үздік бапкер. Фергюсон көш бастады