«Қайрат» пен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Джордже Деспотович не үшін мәскеулік ЦСКА-ға ауыспағанын айтты.

– Ол жақта бапкер ме, әлде басшылық па, әйтеуір мені қабылдағысы келмеген. Нақтысын білмеймін, - деді футболшы Instagram-парақшасында.

Бұған дейін Джордже Деспотовичке ЦСКА қызығушылық танытқан. Мәскеулік клуб ойыншының агентімен байланысып, жылына 1,2 миллион еуро жалақымен ұсыныс жасаған.

Айта кетейік, Деспотович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ойыншы. Ол «Қайрат», «Астана», «Жетісу» және «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен.