Қазақстан құрамасының шабуылшысы Талғат Жайлауов Жоғарғы хоккей лигасында бақ сынайтын «Сарыарқа» командасының сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Өткен маусымда «Барыспен» келісімшартының мерзімі аяқталған Талғат Жайлауов енді мансабын «Сарыарқада» жалғастырады. 34 жастағы ойыншы елордалық команданың сапында 11 маусым бойы өнер көрсеткен.

Тәжірибелі ойыншы мансабында тек екі командада: Өскеменнің «Торпедосы» мен «Барыста» ойнап үлгерген.