Shayba.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, шабуылшы Александр Евграфов мансабын «Арлан» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда 35 жастағы Новочебоксарск түлегі «Алматы» сапында ойнады. Қазақстанның тұрақты маусымында ол 60 матч өткізіп, 35(13+22) ұпай жинады, плей-оффтың 5 ойынында ол еншісіне 3(2+1) ұпай жазды.