Үстел теннисінен әлем чемпионаты кейінге шегеріледі.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы оңтүстік кореялық ұйымдастырушылардың өтінішін қабылдап, дүниежүзілік біріншілікті үшінші рет шегеруді дұрыс тапты. Коронавирус пандемиясына байланысты аталған дода 2021 жылдың алғашқы айларында өтуі мүмкін.

Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты жарыс күнтізбесі бойынша Пусанда наурыз айында өтуі тиіс еді. Covid-19 індетіне байланысты жарыс қыркүйек айына ауыстырылған болатын.