Чехия астанасы Прагада теннистен көрме турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Оған келесі аптадан бастап көрермендер қатыса алады. Бұл Чехия үкіметінің соңғы шешіміне байланысты. Онда 8 маусымнан бастап, 500 адам қатысатын іс-шараларды өткізуге рұқсат берді.

«Біз аздаған көрерменмен бастаймыз және жанкүйерлердің санын біртіндеп көбейтеміз», - дейді жарысты ұйымдастырушылар.