Чехия астанасы Прага қаласында көрмелік теннис турнирі өтіп жатыр.

Жарыс ұйымдастырушылары келесі аптадан бастап турнирге көрермен келуге болатынын мәлімдеді. Бұған Чехия билігінің 500 адамға дейін іс-шара өткізуге рұқсат еткен себеп болып отыр.

Айта кетейік, Чехия Еуропада алғашқылардың бірі болып карантиннен шыққан еді.