«Барселона» клуб тәрбиеленушісі Ансу Фатиді сатудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport.es порталына сілтеме жасап.

Ресурстың хабарлауынша, аты аталмаған клуб 17 жастағы футболшы үшін 100 миллион еуро ұсынған.

Алайда, каталониялық клуб президенті Хосеп Бартомеу Фатидің сатылмайтындығын айтып, саудаласудан бас тартты.

Ойыншы Блауграна командасындағы дебют матчын 2019 жылдың тамызында өткізді. Ол 24 матчқа қатысып, 5 гол соқты және 1 нәтижелі пас авторы атанды.

Гвинея-Бисау тумасының нарықтық құны 36 миллион еуроға бағаланады.