«Барселона» капитаны Лионель Месси Instagram желісіндегі ресми парақшасына «Камп Ноу» стадионында түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл жерді қатты сағындым. «Камп Ноуда» ойнайтын сәтті асыға күтемін», - деп жазды Месси.

Айта кетелік, Месси 31 ойын өткізіп, 24 гол соққан және 16 нәтижелі пас берген.