Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының қашан жалғасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы петропавлдың «Қызыл-Жар» футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ресми: Футболдан Қазақстан Чемпионаты 1 шілдеде қайта басталады», - делінген клубтың инстаграм желісіндегі хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда тоқтатылған болатын.