Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Айн» клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханды командада алып қалғысы келеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың твиттер желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Команданың бас бапкері Педро Эмануэль клуб басшылығынан Бауыржан Исламхан мен венгриялық Балаж Джуджакты сақап қалуды сұрап отыр.

Еске сала кетелік, Исламхан «Аль-Айн» командасына осы жылдың 31 қаңтарында ауысты. Жаңа командасының сапында 10 матч өткізген қазақстандық жартылай қорғаушы 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Команда 19 матчтан кейін чемпионаттың екінші орынында тұр.