«Ахмат» күрес клубының жетекшісі, Шешенстан президенті Рамазан Қадыровтың сенімді өкілі Абузайд Висмурадов пневмониямен ауруханаға түсті.

Одан коронавирустың белгілері анықталған. Висмурадовтың жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Шешенстан президенті Рамзан Кадыровқа коронавирус диагнозы қойылған деп хабарлаған еді, бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ.