Жеңіл салмақта (21-6) ACA лигасында өнер көрсететін Артем Резников, жартылай жеңіл салмақтағы ACB бұрынғы чемпионы (66 келі) Юсуф Раисовтың сынына қатаң жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік спортшы Юсуф Раисов өзінің Инстаграмдағы парақшасында Резниковты өтірік айтып, қулық жасады деп айыптаған. Қазақстандық файтер жоқ жарақатты сылтау етіп төбелестен қашып жүр деп айыптады. Юсуфтың айтуынша, Артем Резниковтың менеджері оған бұл туралы бір күн бұрын хабарлаған.

Артем Резниковтың жауабы көп күттірмеді. Резников өзінің Инстаграмдағы ресми парақшасында қазір грыжаны емдеп жатқанын растайтын құжатты қоса тіркеп, осы жылдың қыркүйегінде шайқасуға дайын болатындығын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«8 тамызда маған жекпе-жек ұсынылды, бірақ менде 2 грыжа болғандықтан, жаттығу жасай алмадым. Мен толық жаттығу үшін кездесуді үш аптаға кейінге қалдыруды өтіндім. Юсуф Раисов осыны біледі, мен оған МРТ-ны жібердім, онда маған 2 грыжа диагнозы қойылғаны анық көрініп тұр. Ол мені күткісі келмейтінін мәлімдеді.

Юсуф, мен өзіңе жеке хабарласып бәрін түсіндірдім. Лига маған қыркүйекке арналған жекпе-жекті ұсынды, бірақ сен тамызды төбелескің келеді. Түлкінің тірлігін жасап, менің шарасыз күйімді пайдалаңғын келіп отыр. Бір айдың әрі берісі не? Қыркүйекте жарақаттан айығып, өз бабымды боламын. Мұны қитұрқы тірлік деп атайды. Юсуф, мен қыркүйек айында күресуге дайынмын және толық дайынмын».