Болашағынан зор үміт күттіретін қазақстандық кәсіпқой боксшы Станислав Калицкий Prosports.kz сайтына берген сұхбатында ол карантин кезінде өз бабын қалай сақтағанын және қандай жекпе-жекті күтетінін айтып берді.

- Станислав, карантин кезіндегі қалпыңыз қалай?

- Құдайға шүкір, қазір жағдай жақсарды. Көшеде жаттыға алатын болдық. Сонымен қатар, отбасыммен және достарыммен уақыт өткіземін.

- Келесі жекпе-жек туралы жаңалықтар бар ма?

- Шайқас туралы ешқандай жаңалық жоқ. Болашақта не болатынын айта алмаймын. Әрине, мен көрерменсіз төбелескім келмейді.

- Боксты сағындыңыз ба? Коронавирустың тудырған кедергілер сізге қаншалықты әсер етті?

- Мен боксты қатты сағындым. Әрине, бұл жағдай маған материалдық жағынан да, психологиялық тұрғыдан да ауыр тиді. Бірақ бұл қорқынышты емес. Ең бастысы, жақындарымыз аман-сау.

- Сіз бұған дейін Қазақстанда қолдау жоқ деп айттыңыз. Жағдай өзгерді ме?

- Ештеңе айта алмаймын. Шынымды айтсам, қолдау күтпеймін де.

- Сіз асыға күтіп жүрген жекпе-жек бар ма?

- Иә. Мен Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті үлкен қызығушылықпен көрер едім.

Естеріңізге сала кетейік, Станислав Калицкий кәсіпқойлар арасында 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Олардың үшеуі мерзімінен бұрын аяқталды. Ол барлық жекпе-жегін Ресейде, негізінен Екатеринбургте өткізді.