Жастар арасындағы Азия чемпионы және Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен кәсіпқой боксқа ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Жас боксшы MTK Global компаниясымен келісімшарт жасасты.

Талғат Шәйкен әуесқой бокста Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан бөлек, Венгриядағы халықаралық турнирде және Нұр-Сұлтандағы Президент Кубогында жүлдегер атанған.