Қазақстандық теннисші Зарина Дияс 25 мамырда Миннеаполисте қайтыс болған афроамерикандық Джордж Флойдты еске алуға арналған Blackout tuesday флешмобына үн қосты, деп жазады Prosports.kz.

Акцияның басқа қатысушылары сияқты, Дияс та инстаграм желісіндегі жеке парақшасында #blackouttuesday хэштегімен қара шаршының (квадрат) суретін жариялады.

Аталған флешмобтың басты шарттарының бірі - 2 шілде сейсенбіде әлеуметтік желілерде ойын-сауық жазбаларын жариялаудан бас тарту.

Айта кетейік, Blackout tuesday флешмобына қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен боксшы Геннадий Головкин де қолдау көрсеткен болатын.