Бокс

Головкин Blackout tuesday флешмобына үн қосты

Головкин Blackout tuesday флешмобына үн қосты
news-banner7
mobile-news-top

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Blackout tuesday флешмобына үн қосты, деп жазады Prosports.kz.

Головкин инстаграм желісіндегі жеке парақшасында акцияның шарты бойынша қара шаршының (квадрат) суретін жариялады.

Blackout tuesday флешмобының шарты бойынша, оның қатысушылары сейсенбі, 2 маусымда әлеуметтік желілерде ойын-сауық посттарын жарияламайды, тек #blackouttuesday хэштегімен қара квадраттың суретін және «Black lives matter» жазбасын жариялайды.

Бұл шара 25 мамырда Миннеаполисте қайтыс болған афроамерикалық азамат Джордж Флойдты еске алуға арналған. Флойд полицияның оны қамауға алу барысындағы қатыгез әрекеттері нәтижесінде көз жұмған болатын. Осыдан кейін АҚШ-тың 20-дан астам штатында тәртіпсіздіктер басталды.

Айта кетейік, Blackout tuesday флешмобына қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да қолдау көрсеткен болатын.

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер