«Реал Мадрид» футбол клубы соңғы 10 жылда 21 жасқа толмаған (U21) жас ойыншыларды сатып алуға 438 млн еуро жұмсады, деп жазады Prosports.kz.

2010/11 жылғы маусымда 18 жастағы испаниялық Серхио Каналесті 6 млн еуроға сатып алды. Содан бері мадридтік клуб 24 жас ойыншыны қатарға қосты.

Олардың арасында қазір негізгі командада доп теуіп жүрген Каземиро, Иско, Дани Карвахаль, Рафаэль Варан қатарлы ойыншылар да бар.