«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден карантин ережесін бұзды, деп жазады Prosports.kz.

20 жастағы англиялық ойыншы өткен аптаның соңында бірнеше достарымен бірге Мерсисайд маңындағы теңіз жағалауына барып доп тепкен.

Ол достарымен допқа таласу барысында арақашықтықтары тым жақын болып, оқшаулану ережесінде белгіленген мөлшерден асып кеткен.

Айта кетейік, Англияда футболшыларға жаттығу кезінен басқа уақытта өзара арақашықтық сақтау тапсырылған. Тіпті олардың дүкенге де баруына болмайды. Ал Фоден бұл оқиғаға қатысты әлі пікір білдірген жоқ.