«Реал Мадрид» футбол клубы Германия Бундеслигасында өнер көрсететін бірнеше жас ойыншыны сатып алмақшы, деп жазады Prosports.kz.

Мадридтік команда «Боруссия Дортмунд» шабуылшысы Эрлинг Холанд пен «Байердің» жартылай қорғаушысы Кай Хаверцті басты назарда ұстап отыр.

20 жастағы Хаверц қазірдің өзінде Германия құрамасында өнер көрсетеді. Оған әлемнің көптеген алпауыт командалары қызығушылық танытып отыр.

Егер коронавирус пандемиясы қаржылық жағдайын қиындатпаса, «Реал» басшылығы аталған жас ойыншыларды сатып алуға ниетті.