Англиялық басылымдар АПЛ тарихындағы ең үздік қорғаушыларды анықтады, деп жазады Prosports.kz.

The Sun басылымы ұйымдастырған дауыс беруге 9000 адам қатысты. Олардың 30 пайызға жуығы (2622) «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қорғаушысы Рио Фердинандқа дауыс берді.

Ал «Челсидің» бұрынғы капитаны Джон Терриге 19%, «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк 16% дауыс жинады.

Айта кетейік, Фердинанд «Манчестер Юнайтедке» 2002 жылы «Лидс Юна́йтед» командасынан 30 млн еуроға ауысып, сол кездегі ең қымбат қорғаушы атанған.