Коронавирустың кесірінен тоқтаған Германия Кубогының матчтары маусым айында өтеді.

Жартылай финалдық кездесулер 9-10 маусымға жоспарланған. Алғашқы күні «Саарбрюккен» — «Байер» (Леверкузен) матчы өтсе, екінші күні «Бавария» (Мюнхен) мен «Айнтрахт» (Франкфурт-на-Майне) кездеседі.

Айта кетейік, Германия чемпионаты коронавирус пандемиясына қарамастан Еуропада бірінші болып біріншілікті қайта бастады.