ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе бала кезде үлгі тұтқан футболшылары туралы айтып берді.

– Мен екі футболшыға қарап бой түзедім. Бірінші Зинедин Зидан – оның Франция құрамасының сапындағы жетістіктері үшін.

Екіншісі – Роналду. Ол көп жетісікке жеттік, әлі күнге жеңімпаз болып келеді. Екеуі де футбол тарихында өз іздерін қалдырды. Мен де осы жолды жалғағым келеді, - деді Мбаппе.