COVID-19 індетіне байланысты әлемдегі спорттық жарыстар әлі басталған жоқ. Осыған орай, көптеген федерациялар алдағы жарыс кестесіне түзетулер енгізуде. Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңа маусымға қатысты үш өзгерісті қарастырып жатыр.

30 маусым күні ұйымның отырысы өтіп, сол кезде маусымға қатысты барлық сұрақтар нақыталанады.

«Қазіргі таңда маусымды жаңартудың үш нұсқасын қарастырып отырмыз. Егер бәрі жақсы болса, тамыздың аяғында басталады. Ал індет қаупі қайтпаса, маусым жаңа жылдан кейінгі уақытқа жоспарланады. Мүмкін, күздің соңына қарай қалпына келетін шығар. Бәрі де эпидемиологиялық жағдайға байланысты», - дейді ұйымдағылар.