А сериясының басшылығы чемпионатты 13 маусымда қайта жандандыру туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Кеше Италия чемпионатының 20 клубы бейнеконференция режимінде маусымды аяқтау мүмкіндігін талқылады. Командалар бірауыздан 13 маусымнан бастап ойнауға шешім қабылдады.

Алғашқы матчтар мына командалар арасында өтпек: «Аталанта» - «Сассуоло», «Интер» - «Сампдория», «Торино» - «Парма» және «Верона» - «Кальяри». Бұл матчтар наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған еді.

Бірақ маусымның толық жандануы 20 маусымда жүзеге асады.

Сурет: getty Images.