ПСЖ шабуылшысы Неймар тағы да «Барселонаға» қайтып оралу идеясын қарастырып көрмек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы OK Diario хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы Париж клубындағы жағдайына наразы және 1-лигада бәсекеге қабілеттілік жоқ деп есептейді.

Егер «Барселона» футболшы сатып алғысы келсе, онда ол бірқатар ойыншылармен қоштасады, өйткені коронавирус пандемиясынан туындаған қаржылық проблемаларға байланысты клубта шабуылшы сатып алуға қаражат жетпейді. Сонымен қатар, Неймар Каталония клубында ПСЖ-ге қарағанда әлдеқайда аз пайда табады. Футболшы бұған да көніп отыр.

Айта кетейік, Неймар биылғы маусымда Франция чемпионатында 24 матч өткізіп, 18 гол соқты.