WBA International, WBO Global және WBC Asia белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) өзінің ең үздік джеб соққыларын көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы бұл туралы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Ербосынұлы 28 наурыз күні Квебекте (Канада) Тим Кронинге қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты аталған бокс кеші тоқтатылды.