Бокстан Қазақстан құрамасы тамыз айында Ресейде оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

3-12 тамыз күндері аралығында Сочиде өтетін оқу-жаттығу жиынына Ресей көрші Қазақстан, Украина, Өзбекстан және Франция құрамаларын шақырды.

Айта кетейік, маусым айының соңында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Украина құрамалары елімізде жиналып, бірлескен жиын өткізеді.