Бокстан Ресей құрамасы маусым айының соңында Қазақстанда оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

50 боксшы 17 маусым күні жиналып, медициналық тексерістен өтеді. Артынша 22 маусым күні Қазақстанға аттанады.

Оқу-жаттығу жиынында Қазақстан мен Ресейден бөлек Өзбекстан және Украина құрамалары болады деп күтілуде.