Ресейлік «Ростов» «Оренбургтың» шабуылшысы Джордже Деспотовичті қатарға қосуға ниетті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Маусым соңында сербиялық футболшы еркін агент атанады. Сондықтан оның басқа клубтарымен келіссөз жүргізуге құқы бар.

Бұған дейін Джордже Деспотовичке ЦСКА қызығушылық танытқан. Мәскеулік клуб ойыншының агентімен байланысып, жылына 1,2 миллион еуро жалақымен ұсыныс жасаған.

Айта кетейік, Деспотович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ойыншы. Ол «Қайрат», «Астана», «Жетісу» және «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен.