UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов коронавирусқа тест тапсырудың бас тартты.

Еске салсақ, қазіргі уақытта спортшының әкесі 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедов ауыр халде Мәскеудегі ауруханалардың бірінде жатыр.

Хабибке толық тексеруден өтіп, коронавирусқа тест тапсыру ұсынылды, бірақ ол әкесіне назар аударуды өтініп, бас тартты.

Нурмагомедов с.ғ.к. жағдайы туралы ешқандай елеулі өзгерістер жоқ. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, жүрек-тамыр жеткіліксіздігі артып келеді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Сонымен қатар, ол үнемі бейнебақылауда.