Қазақстандық файтер Арман Оспановтың інісі Аман Айтжан мен Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмагуловтың інісі Шыңғысхан Алиев өзара жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұл туралы қазақстандық NFC тұжырымы инстаграм желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. Қос спортшы да ММА-дағы алғашқы кездесуін осы тұжырымда өткізеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Аман Айтжан алғашқы жекпе-жегін сәуір айында болатын NFC 24 турнирінде өткізуі керек болған. Алайда әлемдегі пандемияға байланысты кейінге шегерілді.