UFC спортшысы Майк Перри алдағы уақытта жекпе-жектеріне жаттықтырушысының болмайтынын айтты.

– Бұрышта тек құрбым тұрады. Мен жаттықтырушыларды тыңдамаймын. Олар өздері істемейтін нәрсені кеңес береді. Олар бір нәрсені айтса, біз мүлдем басқа нәрсені жасаймыз, - дейді Майк Перри.

Айта кетейік, 28 жастағы спортшы мансабында 15 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 7 кездесуінде жеңіліс тапқан.