Финн шабуылшысы Теему Турунен елордалық «Барысқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
«Бизнес Online» мәліметінше, хоккейші өткен маусымда финляндиялық ХИФК сапында ойнаған. Ал қазір - еркін агент.
24 жастағы Турунен өткен маусымда тұрақты чемпионаттың 43 матчында 51 (20+31) ұпай еншілеген. Сондай-ақ, шабуылшы Финляндия құрамасы сапында екі матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген.
Комментарии