«Барыс» хоккей клубы швециялық шабуылшы Линус Виделльмен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойыншы 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін біржақты келісімшартқа қол қойған.
Өткен маусымда Виделль «Барыс» сапында тұрақты чемпионатта 37 матч өткізіп, 30 (10+20) ұпай жинаған. Ал Гагарин кубогында «Металлургке» қарсы бес матчта 4 (1+3) ұпай еншілеген.
Хоккейші ҚХЛ-да 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Комментарии