Англиялық «Уотфордтың» екі футболшысының отбасы мүшелерінен коронавирус табылды. Ойыншылар қазір оқшауланған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін «Уотфорд» қорғаушысы Эдриан Мариаппа мен клубтың екі қызметкерінен COVID-19 анықталған еді. Үшеуі де карантинге жатқызылған. Сейсенбіде ағылшын Премьер-лигасы үш командадан алты адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін «Уотфорд» капитаны Трой Дини жаттығуға оралмайтынын мәлімдеген болатын. Себебі ол бес жасар ұлына қауіп төндіргісі келмейтінін айтқан.
Комментарии