«Уотфордтың» екі футболшысы оқшауланды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАнглиялық «Уотфордтың» екі футболшысының отбасы мүшелерінен коронавирус табылды. Ойыншылар қазір оқшауланған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін «Уотфорд» қорғаушысы Эдриан Мариаппа мен клубтың екі қызметкерінен COVID-19 анықталған еді. Үшеуі де карантинге жатқызылған. Сейсенбіде ағылшын Премьер-лигасы үш командадан алты адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді.
Бұған дейін «Уотфорд» капитаны Трой Дини жаттығуға оралмайтынын мәлімдеген болатын. Себебі ол бес жасар ұлына қауіп төндіргісі келмейтінін айтқан.