«Манчестер Юнайтед» футбол клубының жас қорғаушысы Брандон Уильямс әкесіне автокөлік сыйлады, деп жазады Prosports.kz.

19 жастағы ойыншы әкесінің туған күніне орай су жаңа жеңіл көлік сыйлауды жөн көрген екен. Баласының бағалы сыйлығына әкесі ризашылығын білдірді.

Уильямс Манчестер қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда МЮ сапында аптасына мөлшермен 40 мың фунт жалақы алады.