Қақпашы Марк-Андре тер Штеген «Барселонамен» жаңа келісімшартқа отырады.

Қос тарап 2025 жылға дейін келісімшарт жасасуға келісті. Бұған дейін қақпашы 10-18 миллион еуро арасында жалақы алғысы келетінін айтқан еді.

Тер Штегеннің «Барселонамен» қазіргі келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған.