УЕФА президенті Александр Чеферин коронавирус пандемиясы үшінші Еуропалық клубтық футбол турнирінің басталуына әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Үшінші жаңа Еуропа кубогының басталуы? Біз мұны қолға алдық. Иә, ол 2021 жылы басталады. УЕФА оны тоқтатпайды».

УЕФА Атқару комитеті бұған дейін 2021-24 жылдардағы үш жылдық циклде үшінші Еуропа кубогын құруды мақұлдаған болатын. Ол «Конференциялар лигасы» деп аталады.

Жаңа Еуропа кубогын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы сияқты өткізу жоспарланған. Топтық кезеңге 32 команда енеді. Турнир жеңімпазы Еуропа Лигасының келесі маусымына қатысу құқығын алады.