«Ювентустың» шабуылшысы Криштиан Роналду жаттығу басталар алдында медициналық тексерістен өтуге келді.

Роналду коронавирус пандемиясының кесірінен А Сериясы тоқтаған сәтте Португалияға қайтып кеткен. 5 мамыр күні ол Италияға оралып, екі апта карантинде жатты.

Айта кетейік, Италия чемпионаты алғашқылардың бірі болып тоқтаған еді.