Бременде өткен футбол бойынша Германия чемпионатының 26-турында 'Вердер" "Байерді" қабылдады. Алаң иелері қонақтардан 1:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

28-минутта "Байер" ойыншылары есеп ашты. Кай Хавертс леверкузендік клубты алға шығарды. Екі минуттан кейін ойындағы тепе-теңдікті Теодор Гебре Селассе қалпына келтірді. Үш минуттан кейін Кай Хавертс Джири Павленка қақпасына екінші рет гол соқты. Одан кейін алаң иелерінің қақпашысы өз иелегіне тағы да екі гол жіберіп алды: Митчелл-Элия Вайзер (61 минут) және Керем Демирбай (78 минут).

Турнир кестесінде "Байер" (50 ұпай) бесінші орында. Бремендік "Вердер" (18 ұпай) болса 17-орынды қанағат етіп тұр.

Бундеслиганың көшбасшысы - «Бавария» (58 ұпай).