Англия құрамасы мен «Челсидің» ойыншысы Каллум Хадсон-Одои зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды The Sun басылымы.

19 жастағы футболшыны 17 мамыр күні сақшылар үйінен ұстап әкеткен. Оған футболшыдан зәбір көрдім деген қыз шағым түсірген.

Дегенмен Каллум Хадсон-Одои кепілімен босатылды. Іс маусым айында жалғасады.

Бұған дейін футболшы оқшаулану тәртібін бұзғаны үшін қамауға алынды деген ақпарат тарған болатын. Каллум ресми түрде коронавирус диагнозы қойылған алғашқы футболшылардың бірі.