УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Менчестер Сити» - «Реал Мадрид» матчы 7 тамызда өтуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 27 ақпан күні Мадридте өтіп, 1:2 есебімен англиялық клуб жеңіске жеткен болатын.

Егер қарымта кездесу 7 тамыз күні өтсе, қос ойынның аралығы 174 күнге созылады. Бұл да Чемпиондар лигасы тарихындағы өзгеше оқиғалардың бірі болғалы тұр.

Айта кетейік, біз атаған ойыннан бөлек, «Бавария» - «Челси», «Ювентус» - «Лион», «Барселона» - «Наполи» арасындағы қарымта кездесулер де тамыз айында өтуі мүмкін.